ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Дмитрий Бивол өзін қорлаған бұрынғы әйелін сотқа берді

04.12.2024, 13:57

Экс-әйелі Биволдың жоқшылықта өскенін айтқан еді

Дмитрий Бивол өзін қорлаған бұрынғы әйелін сотқа берді
әлеуметтік желі

Бірінші жартылай ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Бивол бұрынғы әйелін сотқа берді. Кәсіпқой боксшының мұндай қадамға баруына оның ар-намысына нұқсан келтірген әрекеттері желеу болған көрінеді. Бұл туралы Биволның екі баласын өмірге әкелген Екатерина Бивол мәлімдеді.

«Сен бұрынғы әйелі болсаң... Прокуратурада отырасың. Дима мен оның анасы мені сотқа беріп, үстімнен бес арыз тастады», - деп жазды Екатерина Бивол.

Бұған дейін Екатерина Бивол Артур Битербиев пен Дмитрий Биволдың жекпе-жегі кезінде ашық түрде бұрынғы күйеуінің қарсыласына жанкүйер болып, оның жеңісіне ерекше шаттанған еді. Кейін ол Дмитрий Биволға талап қойып, Петербугтің қақ ортасынан екі қымбат пәтер әперуді және 3 млн доллар берген жағдайда ғана үнсіз отыратынын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, боксшының бұрынғы әйелі өзінің ауқатты отбасынан шыққанын жазып, Биволдың жоқшылықта өскенін айтқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам