Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Асхат Тағыберген «Ақтөбеге» ауысудан бас тартты – Азамат Шайхы

19.12.2023, 22:59

Ол Еуропа Чемпиондары лигасында ойнағысы келеді

Асхат Тағыберген «Ақтөбеге» ауысудан бас тартты – Азамат Шайхы
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасаның және шымкенттік «Ордабасының» капитаны Асхат Тағыберген «Ақтөбе» клубына ауысудан бас тартты. Бұл туралы ақтөбелік команданың директоры Азамат Шайхы мәлімдеді деп жазады kommentator_maulen Telegram-каналы.

Бұған дейін капитанның «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін екені айтылған болатын.

«Клубқа анау қосылады, мынау қосылады дей алмаймын. Алдымен, ойыншылармен танысып шығуымыз керек. Егер жиында біздің клубта өнер көрсетуге лайықты ойыншы табылса сонымен келісімшартқа отырамыз. Ал, Тағыбергенге келсек, ол біздің елдің мақтанышы, ұлттық құрама капитаны. Мен оны қатты құрметтеймін. "Ордабасымен" болған ойында жанкүйерлер эмоцияға беріліп қойды. Ойын аяқталған соң бәрі де ұмытылды. Мен ол оқиға үшін жанкүйерлер атынан кешірім сұраймын. Асхат келесі жылы шымкенттік клубпен Чемпиондар Лигасында ойнағысы келеді. Сондықтан, біздің ұсыныстан ол бас тартты», – деп хабарлады Азамат Шайхы.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасының соңғы ойындарының бірінде Тағыберген аяғын сындырып алған болатын. Ол Ұлттық құраманың соңғы екі ойынына осыған байланысты қатыса алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам