Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Бельгия, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен жолдаманы сарапқа салады
Мәскеудің «Локомотив» футбол клубының бұрынғы президенті Ольга Смородская Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жеребе тарту қорытындысына баға берді.
Станислав Черчесовтің 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндігіне келсек, оның басшылығымен Қазақстан ешқашан жеңіске жетпегенін, тіпті гол соғып көрмегенін ескерейік. Сондықтан Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды. Тағдырдың жазуы ма, әйтеуір тағы да жолына Бельгия түсті», - дейді Смородская «ВсеПроСпорт» басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құрамаға биыл жазда бас бапкер болып тағайындалды. Ол келгелі Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында өнер көрсетіп, B тобынан масқарамен шығып қалды. Алты матч өткізген команда оның бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнаған және өз қақпасына 15 гол жіберіп, қарсыластардың қақпасына бірде-бір гол соға алмаған.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен мықтыны анықтайды.