ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

«ҚФФ-ның жаңа басшысы қазақ тілін білуі тиіс»: ол Черчесовтен құтыла ма?

15.12.2024, 11:05

Үміткерлердің басым көпшілігі – жастар

20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланады. Алты үміткердің бар екенін бұған дейін жазғанбыз. Ал, олардың федерацияны басқаруға қайсысы лайықты және кімнің мүмкіндігі мол? «Бірінші бол» резиденттері кезекті подкастта осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.

Спорт журналистері Ермұхамед Мәулен мен Нұрсұлтан Құрманның пікірінше, алты үміткердің ішінде Марат Омаровтың сайлауда жеңу мүмкіндігі басым. Ал, Олжас Байбосын болса жаңа президент мемлекеттік тілді білуге міндетті дейді.

Айта кететін бір жайт, үміткерлердің басым көпшілігі – жастар. Толық тізім төмендегідей:

  • Даумов Алтай Алмасұлы, «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
  • Жамантаев Ерлан Айтпайұлы, «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» ЗТБ атынан;
  • Қайыров Ербол Қыдырбекұлы, «Ақмола облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
  • Лория Давид Григорьевич, «Қарағанды облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
  • Мағау Наргис Ерланқызы, «Para Football League» ҚБ атынан;
  • Омаров Марат Талғатұлы, «Астана қаласының футбол федерациясы» қауымдастығы ЗТБ атынан.
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам