Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абат Айымбетов Түркияда екінші матч қатарынан гол соқты (ВИДЕО)

16.12.2024, 22:08

Бұған дейін қазақ ойыншысы «Гезтепе» қақпасын дәл көздеген еді

Абат Айымбетов Түркияда екінші матч қатарынан гол соқты (ВИДЕО)
Адана Демирспор

Түркияның «Адана Демирспор» клубында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов қатарынан екінші матчта мергендік танытты.

Ол ойнайтын «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының 16-турында Стамбұлдың «Бешикташ» клубын қабылдады. Матч әлі жалғасып жатыр. Бірінші таймда алаң иелері екі гол соғып үлгерді. Оның біреуі Абат Айымбетовке тиесілі. Матчтың 39-минутында Юсуф Саридың пасын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы тиімді пайдаланды.

«Адана Демирспор» биылғы маусымда бірде-бір матчта жеңіске жетпеген. Бүгін алғашқы үш ұпайын алуға мүмкіндік бар. 

Ал, Абат Айымбетов осымен екінші матч қатарынан гол соғып отыр. Бұған дейін 7 желтоқсанда ол Түркия Суперлигасының 15-турында «Гёзтепе» командасының қақпасын дәл көздеген еді. Алайда, бұл ойында «Адана Демирспор» 1:3 есебімен жеңілді.

Айтпақшы, «Бешикташ» сапында Бахтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол әзірге қосалқы құрамда отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам