Ең аз табыс «Ордабасы» клубында
Қазақстанның футбол клубтары үшін еурокубок ойындары аяқталды. Соңғы үміт саналған «Астананың» өзі Конфкеренция лигасында топтан шыға алмады. «Дядя Ваня» Telegram-каналы біздің футбол командаларының осынау жарыстарға қатысу арқылы қанша табыс тапқанын жариялады.
Еске салайық, биыл еурокубоктік турнирлерге Қазақстаннан «Астана», «Тобыл», «Ақтөбе» және «Ордабасы» қатысты. Астаналық клубтан басқасының бәрі іріктеу кезеңінен ары аса алмаған.
«Астана» ФК – 5,296 млн еуро
«Тобыл» – 1,8 млн еуро
«Ақтөбе» ФК – 900 мың еуро
«Ордабасы» ФК – 350 мың еуро
Осылайша, қазақстандық төрт клуб биылғы еурокубок турнирлерінен жалпы сомасы 8,346 млн еуро табыс тауып отыр. Бұл ақшадан бөлек, еуромаусым аяқталғанда ТВ құқығы, демеушілер қаражаты мен билет сатылымынан түскен қаржыдан тағы алады.