Дегенмен, оның командасы турнир кестесінің соңғы сатысында келеді
«Адана Демирспор» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Абат Айымбетов Түркия біріншілігінде сәтті өнер көрсете бастады.
Суперлиганың 17-турының аясында «Адана Демирспор» сырт алаңда «Хатайспормен» кездескен болатын. Матч 3:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Матчтың 75-минутында Абат Айымбетов гол соғып, ойын нүктесін қойды. Ұлттық құрама шабуылшысы оң жақ қапталдан келген допты қақпаға дәл бағыттаған.
Айта кетейік, Айымбетов Суперлигада осымен үшінші матч қатарынан мергендік танытып отыр. Бұған дейін жерлесіміз «Бешикташ» (2:1) пен «Гёзтепе» (1:3) клубтарының қақпаларынан саңылау тапқан. Осылайша, ол 11 ойында үш голмен ерекшеленді.
«Адана Демирспор» турнирлік кестенің ең соңғы сатысында келеді. Айымбетов ойнайтын клуб 16 матчта небәрі 5 ұпай жинаған.