ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Барменқұловтан кейін Ғани Қайназаров та QFL президенті қызметінен кетті

Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді

ҚФФ
ҚФФ

Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті.

Ол осы жылы 17 мамырда футбол ұйымының басшылығына сайланған еді. Қайназаров мұның себебін өзге жұмысқа ауысуымен байланыстырады.

«Qazaqstan Football League-сында осы жылы отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформалар жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобалардың іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын», - деді Ғани Қайназаров.

Айта кетейік, Ғани Қайназаров бұл қызметке ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділет Барменқұловтың тұсында сайланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам