Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

ҚФФ Станислав Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады

24.12.2024, 17:14

Федерация бас бапкердің келісімшарты тоқтамағанын айтты

ҚФФ Станислав Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады
ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы  Станислав Черчесовтың қызметінен кетуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді», – делінген ҚФФ ақпаратында.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам