Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қытай құрамасының аңызы 20 жылға сотталды

26.12.2024, 10:21

Оған 8 млрд теңгеден астам пара алды деген айып тағылған

Қытай құрамасының аңызы 20 жылға сотталды
eurocom.bg

«Эвертон» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы әрі футболдан Қытай құрамасының бапкері Ли Тие пара алғаны үшін 20 жылға сотталды.

Ли Тие – Аспан асты елінің ең танымал әрі ең құрмет тұтатын ойыншыларының бірі. Соған қарамастан ол пара беріп, пара алды деп айыпталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот футболшының 2015 пен 2021 жылдар аралығында 120 миллион юань көлемінде (8 млрд теңгеден астам) пара беріп, пара алғанын анықтады. Бұл қаражат үшін Ли құрамаға ойыншыларды іріктеуге көмектесіп, матчтардың нәтижелеріне ықпал етіп және келісімшарттар жасауға араласқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулану 2

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам