Оған әлі ешқандай команда қызығушылық танытқан жоқ
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан шымкенттік «Ордабасыдан» кетеді. Оның клубпен жасалған келісімшартының мерзімі аяқталған. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында жазды.
«Оның келісім-шарты аяқталды. Енді ол еркін футболшы ретінде өзі қалаған клубқа ауыса алады. Бұл жаңалықты естіген клубтар ертеңнен бастап Бауыржанға хабарласса болады», - деп жазды Е.Мәулен.
Айта кетейік, соңғы маусымда Исламхан «Ордабасы» сапында 28 матч өткізіп, небәрі бір гол соққан және нәтижелі бес пас берген.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан 2020 жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға футолдан шеттетілген болатын. Оған дейін ол «Қайрат», «Астана», «Тараз» және «Әл-Айн» (БАӘ) клубтарында доп тепті. Былтырғы маусымда «Ордабасымен» бірге ел чемпионы атанған.