Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланды
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында Станислав Черчесов қызметінен кеткен жағдайда өзінің қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, ҚФФ басшысы 20 желтоқсанда ауысқалы бері Черчесовтың отставкасы туралы БАҚ-та жиі жазыла бастады.
«Менімен ешкім байланысқан жоқ. Федерацияда жаңа басшылық жұмыс істеп жатыр. Олардың қазіргі басты міндеті – ұйымдастыру мәселесі. Оның үстіне, командада келісімшарты бар бас бапкер жұмыс істеп жатыр. Ол кетпей жатып басқа мамандармен келіссөздер жүргізу дұрыс болмас еді. Бүгінге дейін маған ешқандай ұсыныс түскен жоқ», – деді Адиев.
24 желтоқсан күні Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтың қызметінен кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кейін қазақстандық спорт журналисі Ануар Абдрахманов «СЭ» тілшісіне берген сұхбатында ҚФФ бұл мәселе бойынша әлі нақты шешім қабылдамағанын атады.
Магомед Адиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінің финалына дейін жолдама алған болатын. Алайда, команда шешуші кездесулердің бірінде Грекияға ірі есеппен жол берді.