Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Франция құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

08.01.2025, 16:04

Дидье Дешам – Франция және әлем тарихындағы табысты бапкерлердің бірі

Франция құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
Getty Images

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан соң қызметінен кететінін мәлімдеді.

Дидье Дешам TF1 телеарнасына берген сұхбатында келесі жылы бап бапкерліктен кететінін айтты. Ол болашаққа қатысты жоспарын бөлісіп, құраманы қай кезде де қолдайтынын жеткізді.

«Қандай да бір хабарландыру жасауға келген жоқпын, дегенмен 2026 жылы бәрі аяқталады. Құрама 2012 жылдан бері жүрмін, ал 2026 жылғы әлем чемпионатынан соң кетемін. Тоқтайтын уақыт болады. Француз командасының мейлінше табысты, сәтті өнер көрсетуі үшін барымды салып жұмыс істедім. Алайда 2026 жыл – өте ыңғайлы уақыт.

Бәрі керемет болып тұрғанда, осы аяқталмаса екен дейсің. Бірақ «тоқта» деп айта білу де керек. Өмір жалғаса береді. Оның қандай болатынын білмеймін, дегенмен бәрі жақсы болатынына сенімдімін. 14 жыл жұмыс істеппін, бұл аз уақыт емес. Мен бұл жерге рекордтар үшін келген жоқпын. Бастысы, француз командасы өз биігінде қалып отыр», - деді Дидье Дешам.

Дидье Дешам – Франция және әлем тарихындағы табысты бапкерлердің бірі. Франция құрамасы сапында ойыншы ретінде 1998 жылғы әлем чемпионатында топ жарып, 2000 жылы Еуропа біріншілігінде үздік шықты. «Марсель» және «Ювентус» клубтарының сапында Чемпиондар лигасын ұтып алды, ал «Челсимен» Англия кубогының жеңімпазы атанды.

Бапкер ретінде Еуро-2016-да жеңіске жетсе, 2018 жылғы әлем чемпионатында да Франция қарсылас шақ келтірмеді. 2020/21 маусымда УЕФА Ұлттар лигасында үздік шығып, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалисі атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам