Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Әзербайжан футболшылары Ресеймен жолдастық кездесуден бас тартты

Бүгін, 10:11

Ұшақты Ресейдің қарулы күштері атып құлатқан деген күдік басым

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Әзербайжан футболшылары Ресеймен жолдастық кездесуден бас тартты
azerisport.com

Әзербайжан футбол федерацияларының қауымдастығы Ресей футбол одағымен 2025 жылы ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық кездесу туралы келіссөзді тоқтатты. Бұл туралы ресейлік Sport24 сенімді дереккөздеріне көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) соңғы отырыстарының бірінде Ресей футбол одағы мен Әзербайжан футбол федерациялары қауымдастығының (АФФА) өкілдері көктем немесе жазда жолдастық кездесу өткізуді талқылаған еді.

Дереккөздің айтуынша, бұл жолдастық матчқа қатысты әңгіме ресми келіссөздер деңгейіне дейін жетпеген. Бұған себеп – Ақтауда құлаған әзербайжандық ұшақ апаты. Іші жолаушыға лық толы әуе лайнерін Грозныйда (Шешенстан астанасы – авт.) Ресейдің қарулы күштері «Панцирь» қаруымен атқан деген бейресми нұсқа айтылуда. Апаттан кейін ел президенті Ильхам Алиев Ресейдің ресми басшыларын ауыр айыптады.

Халықаралық футбол федерациясы мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының санкцияларына байланысты Ресей құрамасы бірнеше ірі халықаралық турнирлерді жіберіп алды. Оның ішінде 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионаты мен 2024 жылы Германиядағы Еуропа чемпионаты бар. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесіне де Ресей құрамасы жіберілмеді.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 38 адам ажал құшып, 29 адам аман қалды. Әзербайжан президенті бұл жағдайға Ресейді кінәлап, ресми кешірім сұрауды және өтемақы талап етіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам