Екінші таймда «Реал» бір ойыншымен артық ойнағанымен, каталондықтарға қарсы қауқар таныта алмады
Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында Испания Суперкубогының финалдық матчы өтті. Каталондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу 5:2 есебімен аяқталды.
Ойын қарқынды шабуылмен басталып, алғашқы голды 5-минутта «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе соқты. Оған нәтижелі пасты Винисиус Жуниор берген еді. Алайда 22-минутта «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль Роберт Левандовскийдің тамаша пасынан кейін есепті теңестіре алды.
36-минутта Левандовски 11-метрлік айып добын дәл теуіп, «Барселонаны» есепте алға шығарса, ойынның 39-минутында Рафиньяның керемет голы «Барселона» жанкүйерлерін одан әрі қуанта түсті. Ал, бірінші таймның соңында Алехандро Бальде есепті 4:1-ге жеткізді.
Екінші таймда «Барселона» шабуылын жалғастырып, 48-минутта Рафинья тағы гол соқты. «Реал» ойыншылары 60-минутта есепті қысқартқан, гол авторы – Родриго. Бұдан әріге олардың шамасы жетпеді. Осылайша, «Барселона» Испания Суперкубогын иеленді.