Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өзбектің үш футболшысы бүкіл Қазақстан құрамасынан қымбат болып тұр

15.01.2025, 17:10

Абдукодир Хусановтың трансферлік құны - 12 миллион еуро

Өзбектің үш футболшысы бүкіл Қазақстан құрамасынан қымбат болып тұр
upl.uz

Өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановтың «Манчестер Сити» клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат Орталық Азияның спорт әлемін дүрліктірді. Трансфер құны 40 миллион еуро болуы мүмкін деген мағлұмат бар, бұл Орталық Азия өңірі үшін бұрын-соңды болмаған сома.

Осы орайда upl.uz өзбектің үш футболшысының құнын Қазақстан құрамасымен салыстырды.

Қазір француздың «Ланс» сапында ойнайтын Абдукодир Хусановтың трансферлік құны - 12 миллион еуро. Оның карьерасындағы қарқыны таңғалдырмай қоймайды. Небәрі 20 жасында Хусанов физикалық тұрғыда да, әуедегі ойынымен де, қорғаныстағы өнерімен де көптің көңілінен шығып жүр. Ал карьерасының бастапқы кезеңінде оған Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Ұлықпек Асанбаев көмектескен.

ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаевтың трансферлік бағасы 8 миллион еуро. Өзбекстанның әлеуеті жоғары ойыншыларының бірі. 2023/2024 маусымда Ресей Премьер-лигасында жасындай жарқылдады. Ташкенттің «Пахтакор» клубының тәрбиеленушісі Файзуллаев ресейлік сарапшылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды. «Арсеналдың» бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин де Файзуллаевтың трансферін сәтті деп атаған. Ал upl.uz соңғы уақытта оған «Бавария» тарапынан қызығушылық пайда болғанын жазды.

Үздік үштікті Италияның «Кальяри» сапында ойнайтын Элдор Шомуродов түйіндейді. Оның трансферлік құны 4 миллион еуроға бағаланған. Қазақстандық Бактиер Зайнутдиновпен бір кездері «Ростовта» бірге өнер көрсеткен Шомуродов Италияның «Рома» және «Специя» клубтарында бағын сынап көрді. Бүгінде Шомуродов Өзбекстан тархындағы үздік сұрмерген саналады.

Transfermarkt порталының деректеріне сүйенсек, 18,5 миллион еуроны құрайды. Бұл кеңейтілген құрам футболшыларын қоса есептегенде шыққан сома. Яғни өзбекстандық үш футболшының құны Қазақастан ұлттық құрамасы ойыншыларынан көп болып тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам