Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Ұлан Қонысбаев – «Тараз» клубының директоры

29.01.2025, 15:53

Жамбыл футболының түлегі Ұлан Қонысбаев өзі де кезінде «Таразда» өнер көрсеткен

Ұлан Қонысбаев – «Тараз» клубының директоры
Видеодан кадр

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев «Тараз» клубының директоры атанды. 

Жамбыл футболының түлегі Ұлан Қонысбаев өзі де кезінде «Таразда» өнер көрсеткен. Бұдан бөлек ол футболшы ретінде «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе», «Оқжетпес» командаларының намысын қорғаған.

Ұлан Қазақстан чемпионаты (2011), Қазақстан Кубогы (2012), Қазақстан Суперкубогының иесі (2011, 2015). Бұдан бөлек ол 2011 жылы Қазақстанның үздік ойыншысы атанған.

Ал 2011-2016 жылдары аралығында ұлттық құрама сапында 32 ойын өткізіп, 3 рет гол соқты. Ол 2016 жылы Қытайдың Дальян қаласында өткен жолдастық кездесуде жарақат алып, ұзақ уақыт бойы ойыннан тыс қалды. Кейін «Ақтөбе» мен «Оқжетпесте» жиырмаға тарта ойын өткізіп, спорттық мансабын аяқтаған болатын.

Бүгінде «Тараз» клубы оқу-жаттығу жиындарында жүр. Команда иыл Бірінші лигада бақ сынайды.
Ал клубтың бас бапкері міндетін Нұркен Мәзбаев атқарады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам