Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қазақ тілін үйренгім келеді, бірақ өте қиын тіл»: сербиялық легионер Черчесов туралы айтты

31.01.2025, 13:07

Станислав Черчесов қазақша сұрақ қойған журналистерге бірнеше рет ескерту жасауымен есте қалған

«Қазақ тілін үйренгім келеді, бірақ өте қиын тіл»: сербиялық легионер Черчесов туралы айтты
Тобыл ФК

«Тобылдың» қорғаушысы Иван Миладинович «РБ Спорт» тілшісіне сұхбат беріп, Қазақстандағы өмірі, журналистермен байланысы туралы айтты.

Журналист одан ұлттық құраманың экс-бас бапкері Станислав Черчесовтың қазақ тіліне қатысты проблемасына пікірін сұраған.

– Черчесовтың журналистермен қазақ тіліне қатысты проблемасы болды. Оған қазақша сұрақ қойған. Сізде де осындай жайттар болмады ма?

– Менде журналистермен проблема болған емес, өйткені олармен көп сөйлеспеймін. Бірақ, қазақтар өте жақсы халық, мұндағы адамдар жылы қабылдады. Ал, Черчесовтың басынан өткен жайт туралы естіген жоқпын, білмеймін де.

– Қазақ тілін үйреніп жүрсіз бе?

– Мен өз ана тілімнен басқа төрт тілді меңгергенмін: орыс, испан, ағылшын және болгар тілдерінде еркін сөйлеймін. Өзім тұратын елдің тілін үйреніп алуға барымды саламын. Бірақ, қазақша үйрену қиын болып жатыр, сөйлеуге тырысамын барынша. Кей сөздерді айтудың өзі қиын, тілім келмейді. Адамдармен әлі қазақша сөйлесе алмаймын.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының бас бапкері болған ресейлік Станислав Черчесов Қазақстандағы алғашқы брифингінде журналист Нұрсұлтан Құрманмен тіл тұрғысында дауласып қалған. Қазақша сұрақ қойған журналиске ол орысша сөйлеуін талап еткен еді. Ал, тағы бір пресс конференцияда қазақша сөйлеген журналиске «французша сөйлеп жатырсың ба» деп келеке еткен. Осыдан кейін оған айыппұл салынды. Десе де, Черчесов өз әрекеттері үшін қазақ халқынан кешірім сұрамай кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды1
Ұнамайды5
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам