Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дастан Сәтпаев өзбектің Абдикодир Хусановынан мықты – Әли Әлиев

06.02.2025, 14:08

Өзбек футболшысы – қорғаушы, Дастан Сәтпаев – шабуылшы

Дастан Сәтпаев өзбектің Абдикодир Хусановынан мықты – Әли Әлиев
коллаж: 1bol.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев баспасөз мәжілісінде жақында «Қайрат» клубының 16 жастағы түлегі Дастан Сәтпаев туралы айтты.

Ресми емес ақпаратқа сенсек, Дастанды лондондық «Челси» өз қатарына қосады. Тек оның 18 жасқа толғанын күтіп отыр.

«Меніңше, Дастан өзбекстандық Абдукодир Хусановтан мықтырақ. Егер футболға деген қарым-қатынасы дұрыс болса, оның болашағы алда. Дастанның генетикасы қандай екенін көрсеңіздер болады. Ол нағыз атлет. Еуропалық стандарт бойынша даму мүмкіндігі берілсе, қолынан бәрі келеді. Бүгінгі таңда «Реал Мадридте» Арда Гюлер мен бразилиялық Эндрик бар. Дастан қазақстандық болған соң, көп ешкім назар аудар қойған жоқ. Дегенмен, Сатпаев халықаралық аренада өзін дәлелдеуге мүмкіндігі жеткілікті», - дейді Әли Әлиев.

Айта кетейік, өзбекстандық қорғаушы Абудкодир Хусанов жақында 50 млн еуроға Англияның «Манчестер Сити» клубына ауысты. Ал, инсайдер Фабрицио Романоның жазуынша, Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімге келген. Трансфер құны – 4,5 миллион еуро. Бірақ ол кәмелеттік жасқа толғанша Алматының «Қайратында» ойнай тұрады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам