Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

16 жастағы Дастан Сәтпаевты құрамаға шақыра ма? Әли Әлиев жауап берді

06.02.2025, 12:17

Екі жылдан кейін қазақ футболшысы «Челсиге» аттанады деп күтілуде

16 жастағы Дастан Сәтпаевты құрамаға шақыра ма? Әли Әлиев жауап берді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев баспасөз мәжілісінде 16 жастағы Дастан Сәтпаев туралы айтты.

Бұған дейін қазақ футболшысы – «Қайрат» академиясының түлегі лондондық «Челсиге» ауысады деген ақпарат тараған. Тіпті, әйгілі инсайдер Фабрицио Романоның өзі аталған трансфердің жүезеге асқанын жазған еді.

Осындай таланттың ұлттық құрамаға шақырылуы тек журналистер үшін емес, жанкүйкерлерге де маңызды.

«16 жастағы талант Дастан Сәтпаевты құрамаға шақырғанды қанша адам қолдайтынын білмеймін. Бұл жерде физикалық дайындық, психология бар. Киім ауыстыратын бөлмеде өзінің ағаларын көргенде қандай күйде болады, ол жағы да маңызды. Атмосфераны сезінсін деген мақсатпен әрине құрамаға шақыруға болады. Дегенмен, халықаралық аренаға алдымен жастар құрамасымен бастағаны дұрыс секілді. Ол жастығына қарамастан қорықпайды, маған Самородовты елестетеді. Бірақ бірден қазір құрамаға шақырсақ, психологиялық тұрғыда қиын соғуы ықтимал. Ондай тәуекелге барсақ, карьерасыңа кері әсерімізді тигізіп алуымыз да ықтимал», - дейді Әли Әлиев.

Ресми емес деректерге сенсек, Дастан Сәтпаевты «Челси» 18 жасқа толғаннан кейін аоып кетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам