
Ол бұған дейін 1000 гол соқпай мансабын аяқтамайтынын айтқан еді
Даңқты португалдық футболшы Криштану Роналду «Telefoot» спорттық телеарнасына берген сұхбатында өзінің 14 жастағы ұлымен бір командада ойнағысы келетінін айтты. Сондай-ақ, футболшы өзінің спорттық мансабын қашан аяқтайтынын, келесі әлем чемпионатына қатысу мәселесі туралы да сөз етті.
«Мен әлем чемпионатын жеңбей спорттық мансабым табысты әрі сәтті болды деп айтқаным дұрыс болмайды. Мен мұны әділдік деп есептемеймін. 2026 жылығы Әлем чемпионатына келер болсақ, физикалық әрі психологиялық тұрғыдан дайын болсам ойнағым келеді. Әрине, ұлттық құрама менің қатысқанымды қалайтын болса, менің тарапымнан қарсылық болмайды.
Бұдан бөлек, менің тағы бір арманым – мен 14 жастағы ұлыммен бір командада ойнағым келеді. Бұның барлығы жеке менің өзіме байланысты. Алдағы уақыттың еншісінде, көреміз», - Роналду.
Ол сондай-ақ, мансабын аяқтайтын уақыт туралы сұраққа да жауап берді.
«Менің футболға деген құштарлығым өте ерекше. Сондықтан спорттық мансабымды аяқтауа әлі ерте сияқты сезіледі. Мүмкін бір, екі, үш жылдан кейін бе, білмеймін. Бойымда үнемі адреналин тасып тұрады», - деп жауап берді футболшы.
Айта кетейік, Криштану Роналду 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнап келеді. Контракт мерзімі осы жылдың соңында аяқталады. Спорттық мансабында Роналду «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Реал», «Спортинг» клубтарында ойнаған. Бес бірдей Еуропа чемпионатында гол соққан жалғыз футболшы.