Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлемге әйгілі жұп болған футболшы Пике мен әнші Шакира тағы да жанжалдасты

14.02.2025, 23:01

Екеуінің ортақ екі ұлы бар

Әлемге әйгілі жұп болған футболшы Пике мен әнші Шакира тағы да жанжалдасты
Getty Images

Әнші Шакира мен «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Жерар Пике бір кездері әлемдегі ең жарасымды жұптардың бірі болған еді. Алайда, 2022 жылы олар ажырасты. Арада жылдар өтсе де, бұрынғы ерлі-зайыптының арасындағы шиеленістің тоқтайтын түрі жоқ.

Бұл жолы Пике мен Шакира балаларың кімде қалатынын шеше алмай дауласты. Әнші гастрольдік сапарға аттанған уақытта Пике ұлдарының жанында болу үшін Майамиге көшуге дайындалған. 

Тіпті, бұрынғы сүйіктісін «Барселонада» бірнеше айға жалғыз қалуға көндірген.

Бастапқыда Шакира бұрынғы күйеуінің ұсынысын қабылдағанымен, кейін ойынан айныған. Балаларын ол өзімен бірге алып кетуге шешім қабылдаған. Қазір бұл мәселеге қатысты қос тарап арасында қызу келіссөздер жүріп жатыр. Алайда, ешқайсысы ымыраға келуге дайын емес.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам