Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қайсар» футболшысын өлтірді деген айыппен командаласы 10 жылға сотталды

14.02.2025, 22:54

Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады

«Қайсар» футболшысын өлтірді деген айыппен командаласы 10 жылға сотталды
Фотода Олжас Алтаев, фото "Қайсар" ФК баспасөз қызметінен

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Олжас Алтаевты өлтірді деген айыппен командаласы Ержан Мәліков сотталды.

Әріптес достар арасындағы бұл қайғылы оқиға өткен жылдың 1 маусымында түн ортасыда Қызылорда қаласындағы Әлтаевтың жеке үйінде болған.

Тергеу анықтағандай, екеуі де бастапқыда сыпайы түрде сыра ішіп, теледидардан футбол матчын тамашалаған. Содан кейін олардың арасында жанжал туындап, оның барысында Мәліков Әлтаевтың мойнына пышақ сұғып алған. Бұл шабуылдан Әлтаевтың қан тамырлары зақымданып, бірден қайтыс болған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мәліковті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (қасақана кісі өлтіру) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Қайтыс болған азаматтың туыстарының сотқа берген талабы бойынша, Ержан марқұмның туыстарына 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлейді.

Сотталушы үкімге аппеляциялық шағым түсірді. Апелляция барысында ол ешқандай пышақ алмағанын айтты. Мәліков адвокатымен бірге тағылған айыпты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (байқаусызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша саралауды талап етті. Олар жазаны жеңілдету туралы өтініш білдірді. Ол төрт баланың асыраушысы екенін көрсетті. 

Алайда, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьялар алқасы сотталушының арызын қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.

Олжас Алтаев «Қайсар» футбол клубы сапында 2013-2021 жылдар аралығында топ тепкен. «Қайсар» сапында Бірінші лиганың 2 дүркін жеңімпазы және Қазақстан кубогының иегері атанған.

Сотталған Ержан Мәліков те Олжаспен құрдас. «Қайсарда» футбол ойнаған. Кейін бапкерлікке ауысқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам