Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңіліп қалды

17.02.2025, 21:37

Наурыз айында біздің құрама Уэльспен және Лихтенштейнмен ойнайды

Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңіліп қалды
Қазақстан футбол федерациясы

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында жүрген футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Корея құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.

Матч 2:0 есебімен Солтүстік Кореяның пайдасына шешілді. Есеп 70-минутта ашылды. Қазақстан құрамасы қорғаушысының қателігін Ри Иль Сон тиімді пайдаланды. Ал қосымша минутта дәл осы футболшы екінші гол соғып, ойынның нүктесін қойды. 

Бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиев алғашқы минуттан Дінмұхаммед Жомарт, Мәди Хасейн, Амандық Нәбиханов, Серәкжан Мужиков, Ұлар Жақсыбаев, Айбар Жақсылықов, Жасұлан Жұмашев, Давид Есімбеков, Алияр Мұхамед, Наурызбек Жагоров, Дінмұхамед Қараманды шығарды.

Жерлестеріміз бұған дейін ташкенттік «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Айта кетейік, Белектегі оқу-жаттығу жиынына құрамаға шақырылмай жүрген ойыншылар келді. Әли Әлиев олардың дайындығын бір тексеріп алуды жөн көрген. 

Наурыз айында ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарын бастайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам