Мадридтің «Реалы» жаңа «Роналду» тапты

17.02.2025, 21:55

Спорт сарапшылары оның болашақта жаңа жұлдыз болатынына сенімді

Мадридтің «Реалы» жаңа «Роналду» тапты
Getty Images

Испаниялық «Реал Мадрид» клубы тағы бір жас жұлдызды өз қатарына қосуы мүмкін. 17 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Родриго Мора жақын арада корольдік клубқа ауысуы мүмкін. 

Футболшыны клуб басшысы Флорентино Переске танымал футбол агенті Жорже Мендеш ұсынған.

Еуропалық спорт журналистері «Порту» сапында өнер көрсетіп жүрген Мора Родригоны «жаңа Роналду» деп атай бастады. Жас футболшының техникалық шеберлігі, шабуылдаудағы кейбір сәттері, дриблингі футбол сарапшыларының назарын аудартқан. Егер бұл трансфер болса, Родриго болашақта әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуы мүмкін дейді сарапшылар.

Родригоның осы маусымдағы статистикасы: 25 матчта 4 гол соғып, 3 нәижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды8
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Жүктелуде
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам