Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қайрат» «Ақтөбені» жеңіп, Қазақстан кубогінің иегері атанды

22.02.2025, 17:14

Екінші таймда алматылықтар он ойыншымен ойнаса да, «Ақтөбе» мұны пайдалана алған жоқ

«Қайрат» «Ақтөбені» жеңіп, Қазақстан кубогінің иегері атанды
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан Суперкубогінің финалында «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесіп, алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті және кубок иегері атанды.

Матч «Астана Аренада» өтті. Ойынның жарнамасы алдын ала жария болғанымен, стадион жанкүйерге лық толған жоқ. Ал, бірінші тайм «Қайраттың» белсенділігімен өтті, десе де қақпа алдында қауіпті сәттер болмады.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашсынан айласын асырды.

Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.

Айта кетейік, екінші таймның ортасында алаңға «Қайраттың» әйгілі жас ойыншысы Дастан Сәтпаев шыққан. Форвард тәуір ойнағанымен, гол соғатын бірер сәтті пайдалана алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам