Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қайратта» ойнаған атақты футболшының бұрынғы әйелі санкцияға ілікті

25.02.2025, 17:59

Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі қара тізімде бар болып шықты

«Қайратта» ойнаған атақты футболшының бұрынғы әйелі санкцияға ілікті
instagram/baranovskaya_tv

Ресей құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының футболшысы болған Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі Еуроодақтың жаңа санкциялар тізіміне енді.

Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы санкциялардың 16-шы пакетін мақұлдады. Санкцияға ұшырағандардың арасында телерадио жүргізушісі Юлия Барановская да бар.

Кеңестің баспасөзінде хабарланғандай, Барановская санкцияға Ресей Федерациясының Украинаға ашқан соғысын БАҚ бетінде қолдағаны және Донбассқа барғаны үшін ілінген.

Айта кетейік, Барановская Аршавинмен 2003 жылдың шілде айында танысып, онымен 9 жыл бірге тұрған. Тележүргізушінің әйгілі футболшыдан үш баласы бар: Артем (2005), Яна (2008) және Арсений (2012).
2016 жылдың наурыз айында Андрей Аршавин Краснодардың «Кубань» командасынан алматылық «Қайратқа» ауысып, команда сапында 2018 жылдың соңына дейін өнер көрсетті.

Кезінде Лондонның «Арсенал» және Санкт-Петербургтің «Зенит» клубтарындағы ойынымен танымал болған Аршавин «Қайрат» сапында ел кубогына қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам