Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанда 12 легионер алуға рұқсат, бірақ біз 10 ойыншы ғана аламыз – «Ордабасы» президенті

25.02.2025, 11:14

Клуб легионерлердің санын біртіндеп қысқартуды көздеп отыр

Қазақстанда 12 легионер алуға рұқсат, бірақ біз 10 ойыншы ғана аламыз – «Ордабасы» президенті
«Ордабасы» ФК

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының президенті Асхат Сейсембек клубтың легионерге қатысты саясатын айтып өтті.

«Легионерлер қажет. Өйткені команданың ішінде бәсекенің артуына септігін тигізеді. Бізде Қазақстан чемпионатының ережесі бойынша бір командада 12 легионерге дейін ойнай алады. Бүгінгі таңда өткен маусыммен салыстырғанда командадағы легионерлердің санын қысқартуды жоспарлап отырмыз. Биыл регламент бойынша 12 шетелдік футболшыны тіркеуге рұқсат берсе, «Ордабасы» 9-10 шетелдік футболшымен шектелуді жөн көріп отыр. Жалпы, легионерлердің санын біртіндеп қысқартамыз. Қазіргі уақытта шабуылшы позициясына легионер іздеп жатырмыз», - дейді Асхат Сейсембек  «Отырар ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, шорт-листте бірнеше кандидат бар екен. Соның ішінде екеуі жас футболшылар дейді. Біреуі Бразилиядан, екіншісі АҚШ-тан көрінеді.

«Алдағы уақытта олармен қалай жұмыс істеуді ойластырып жатырмыз, бірақ қазіргі уақытта келісімшартқа отыру жоспарда жоқ», - дейді клуб президенті. 

Айта кетейік, жақында «Ордабасы» нигериялық жартылай қорғаушы Салиман Кайо мен хорватиялық  Дарио Чанаджияны қатарға қосқан еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам