
Футболшының қай клубта ойнайтыны анықталды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан карьерасын Түркістанның «Тұран» клубында жалғастырады. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.
Қазіргі уақытта 32 жастағы футболшы жол-көлік оқиғасынан алған жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр. Бауыржан түркістандық клубқа екінші айналымға қарай қосылады.
Бұған дейін Исламханның Қызылорданың «Қайсар» клубына ауысуы мүмкін екені айтылған. Бұған дейін Бауыржан «Қайрат», «Астана», «Ордабасы» және БАӘ-нің «Аль-Айн» командаларында ойнаған.