
Оның «Мансити» қатарына қосылғанына әлі екі ай да болған жоқ
Англияның «Манчестер Сити» клубы ақпан айындағы үздік ойыншыларын анықтады. Бұл жолы айдың үздік ойыншы атағын өзбекстандық орталық қорғаушы Абдукодор Хусанов иеленді.
21 жастағы футболшы Англияға келген алты аптаның ішінде осындай атаққа ие болып отыр. Дауыс беру кезінде Абдукодор Эрлинг Холанд пен Йошко Гвардиолды басып озған.
Ақпан айында Хусанов бес матч өткізді. Оның екеуінде «Манчестер Сити» қақпасына гол жіберген жоқ. Сондай-ақ, ол кубок ойынында «Лейтон» қақпасына бір гол соқты.
Хусановты «Манчестер Сити» Францияның «Ланс» клубынан 40 миллион еуроға сатып алған болатын.