Максим Самородов биылдыққа алғашқы голын соғып, «Ахматты» жеңілістен құтқарды

08.03.2025, 00:52

Самородовты «Ахматқа» Қазақстан құрамасының бұрнығы бас бапкері Магомед Адиев алдыртқан болатын

Максим Самородов биылдыққа алғашқы голын соғып, «Ахматты» жеңілістен құтқарды
Ахмат ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Грозныйдың «Ахмат» клубы сапында ерекше голмен көзге түсті.

7 наурызда Ресей Премьер-лигасының 20-туры аясында мәскеулік «Локомотив» өз алаңында «Ахматты» қабылдаған болатын. Алаң иелері ойын басында есеп ашқанымен, 40-минутта Самородов екі қорғаушыны оңай алдап өтіп, таблодағы көрсеткішті 1:1-ге жеткізді. Бұл есеп матч аяқталғанға дейін сақталды.

Максим Самородов РПЛ-дың биылғы маусымында өткізген 14 матчта үш рет мергендік танытса, 2025 жылы алғаш рет гол авторы атанып отыр. 

«Ахмат» турнирлік кестеде 14-орында келеді, «Локомотив» төртінші сатыға жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам