Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қателік көп болды»: Игитаны алмастырған Серіков Албанияға қарсы ойынға бағасын берді

08.03.2025, 03:20

Енді Кака шәкірттері шешуші ойынды сырт алаңда Арменияға қарсы өткізеді

«Қателік көп болды»: Игитаны алмастырған Серіков Албанияға қарсы ойынға бағасын берді
Қазақстан футзал федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Албанияны қабылдап, 4:2 есебімен жеңген болатын. Бұл матчқа команданың негізгі қақпашысы Игита қатыса алмай, оны Нарун Серіков алмастырды.

Қазақстандық қақпашының айтуынша, құрама команда өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай, бірқатар қателікке жол берген. Десе де, маңызды үш ұпайды қоржынға салып, енді топтағы ең маңызды матчқа алаңсыз дайындалады.

– Бүгін 4:2 есебімен жеңгенмен, бұдан да көп гол соғатын мүмкіндіктер болды. Албанияны ойсырата жеңуге не кедергі болды деп ойлайсыз?

– Иә бұдан да көп гол соғуға мүмкіндік болғаны рас. Сондай-ақ, қателіктер де көп болды. Содан да болар, мүмкіндіктің көбін жүзеге асыра алмай қалдық. Бұйырғаны 4 гол болды. Әзірге осыны қанағат тұтамыз.

– Ойынға жалпы қандай баға бересіз?

– Ең бастысы өз жерімізде жеңіске жеттік. Сондықтан бүгінгі ойынға көңілім толады. Елімізге жеңіс сыйлағанымыз үшін қуаныштымыз.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрама Даниямен қарсы ойында 7:3 есебімен жеңген. Енді шешуші ойынды сырт алаңда Арменияға қарсы өткізеді. Бұл екеуінің қай жеңгені топта бірінші орын алып, Еуропа чемпионатының финалдық турниріне тікелей жолдама алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам