Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Бирмингем» басшылары Уэйн Руниді бапкерлік қызметтен қуып жіберді

02.01.2024, 20:41

Ол 6-шы орында тұрған команданы 20-орынға дейін құлдыратқан

«Бирмингем» басшылары Уэйн Руниді бапкерлік қызметтен қуып жіберді
Sky Sports

Чемпионшипта өнер көрсететін «Бирмингем» футбол клубының иелері бас бапкер болған Уэйн Руниді қызметінен босатты. Ол аталған қызметте небәрі 3 айдан астам уақыт істеді. Бұл туралы Sky Sports мәлімдеген.

1 қаңтарда Чемпионшиптің 26-туры аясында «Бирмингем» «Лидстен» 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Клубты Руни жаттықтырғалы олар 15 ойын өткізіп, оның небәрі екеуінде ғана жеңіске жеткен. 

«Өкінішке қарай, Уэйн бізбен өткізген уақыт біз жоспарлағандай болмады. Сондықтан, біз басқа жолмен жүреміз деп шештік. Басқа бапкер іздеуді қазірден бастадық. Жаңалық болған кезде міндетті түрде жанкүйерлерге ол туралы айтамыз», - деді клубтың бас атқарушы директоры Гарри Кук.

Қазіргі таңда «Бирмингем» бапкерінің міндетін уақытша Стив Спунер атқарып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам