Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Бақтиер Зайнутдиновтың «Бешикташта» қанша жалақы алатыны белгілі болды

03.01.2024, 10:02

Команда соңғы бірнеше турда жеңілістен көз ашпай, легионерлердің біразымен келісімшартты үзді

Бақтиер Зайнутдиновтың «Бешикташта» қанша жалақы алатыны белгілі болды
Бешикташ ФК

Стамбұлдың «Бешикташ» клубында ойнайтын қазақстандық Бақтиер Зайнутдиновтың қанша жалақы алатыны белгілі болды деп жазады Tengri Sport.

Журналистер клубта ойнайтын легионерлердің айлық табысын жариялаған. Ең жоғары жалақыны түрік клубы камерундық Венсан Абубакарға төлейді екен (3 млн еуро).

Ал, Бақтиер Зайнутдинов болса одан шамамен үш есе аз алады – 1,2 млн еуро.

«Бешикташ» Алекс Окслейд-Чемберлен мен басқа легионерлерге ай сайын 11 млн еуро жұмсайды. Масқара», - деп жазды жергілікті журналист Мұстафа Караташ.

Айта кету керек, желтоқсанда «Бешикташ» бес легионерді комамандадан шығаратыны туралы мәлімдеген болатын. Олар: Венсан Абубакар, Валантен Розье, Эрик Байи, Рашид Геззаль және Жан Онана.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам