Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қайрат» «Ордабасы» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты

08.03.2025, 20:30

Осылайша соңғы екі жылдағы ел чемпиондары кездесті

«Қайрат» «Ордабасы» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты
instagram.com/fc__ordabasy

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші туры басталды. Жарыстың алғашқы күні төрт матч өтті.

Турдың орталық ойынында соңғы екі жылдағы ел чемпиондары кездесті. 2023 жылғы чемпион «Ордабасы» Алматыға қонаққа келді. Бірақ былтырғы чемпиондар қарсыласты аяған жоқ.

Бірінші таймның өзінде үш гол соққан алаң иелері екінші таймда есепті 4:0-ге жеткізді. Соңғы кездері бірнеше легионер алған «Ордабасы» футболшылары шабуылда еш шеберлік көрсете алмады. Қорытынды есеп – 4:0,

Ал Көкшетауда «Оқжетпес» премьер-лигадағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Өткен турда «Елімайдан» басым түскен «Атырау» бұл жолы көкшеліктерге есе жіберді.

Сондай-ақ Астанада «Жеңіс» пен «Тобыл», Талдықорғанда «Жетісу» мен «Ұлытау» тең тарқасты. Екі матчта да гол соғылған жоқ.

Енді ертең тағы үш ойын өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам