Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мақтауы асқан Қазақстан футзал құрамасы Армениядан жеңіліп қалды

12.03.2025, 22:09

Енді Еуропа чемпионатына қатысуымыз екіталай

Мақтауы асқан Қазақстан футзал құрамасы Армениядан жеңіліп қалды
Қазақстан футзал федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕURO-2026 іріктеуі аясында сырт алаңда Армениямен кездесіп, жеңіліс тапты. 

Кака шәкірттері алаң иелерінің төрт голына небәрі екі голмен жауап қатты. Оның өзінде Қазақстан сапынан тек Дәурен Тұрсағұлов қана мергендік танытса, екінші голды армениялық футзалшы өз қақпасына салды. 

Енді отандастарымыз Еуропа біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алу үшін өзге құрамалардың нәтижесін күтуге мәжбүр. 

Ал Армения алғаш рет Еуроның финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Жолдамаға әр топтан екінші орын алған он команданың сегізі өзара таласады. Қазақстан әзірге бұл құрамалар арасында үшінші орында тұр.

Армения – Қазақстан – 4:2

  • 6'14" Хромых (1:0)
  • 13'18" Хромых (2:0)
  • 15'32" Тұрсағұлов (2:1)
  • 23'55" Хромых (3:1)
  • 27'28" Агаджанов (4:1)
  • 32'56" Агаджанов - автогол (4:2)

Қазақстан Еуропа чемпионатына 2016 жылы қатысып, дебютінде қола жүлдегер атанған бірінші құрама болды. 2018 жылғы аламанда жартылай финалмен шектелсек, 2021 жылы өткен біріншілікте ширек финалдан қайттық.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам