Ресейдегі қазақ боксшы Салтанат Меденова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

14.03.2025, 10:18

Енді ол жартылай финалда жұдырықтасады

Ресейдегі қазақ боксшы Салтанат Меденова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Фото ашық дереккөзден

Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында Ресей намысын қорғап жатқан этникалық қазақ Салтанат Меденова жартылай финалға шықты.

81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Салтанат ширек финалда румыниялық Мария Георгита Чимперумен қолғап түйістірді. Ол қарсыласын бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атаққа бір табан жақындады.

Салтанат 1/8 финалда да жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кезде қандасымыз франциялық Вероити Долли Ненуді бірінші раундта жеңген еді.

Айта кетейік, Ништегі әлем чемпионатына Ресей құрамасында екі қазақ қызы бақ сынап жатыр. Салтанаттан бөлек 66 келіде сынға түсіп жатқан Альбина Молдажанова да жартылай финалда. Альбина ширек финалда қазақстандық Жасмин Қизатовадан басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам