Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Зайнутдиновтің ойнауы екіталай, тағы екі ойыншы командаға көмектесе алмайды – Али Алиев

15.03.2025, 11:48

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне дайындалып жатыр

Зайнутдиновтің ойнауы екіталай, тағы екі ойыншы командаға көмектесе алмайды – Али Алиев
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Али Алиев Уэльс және Лихтенштейн құрамаларымен өтетін матчқа дайындық жайлы айтты.

Ол өз сөзінде екі футболшы жарақатына байланысты құрамаға көмектесе алмайтынын мәлімдеді.

«Дайындық жұмыс жоспары бойынша жүріп жатыр. 17 наурыз күні шетелде ойнайтын футболшыларымыз келеді. Бәріміз бірге алдымен Уэльс, сонан соң Лихтенштейн құрамаларына дайындықты пысықтай түсеміз. Футболшылардың денсаулығына уайымдайтын себеп жоқ.  

Өкінішке қарай, ойыншыларымыз Рамазан Кәрімов пен Роман Асранкулов қатардан шығып қалды, себебі олар клубтарынан аздаған жарақатпен келді. 

Бақтиер Зайнутдиновтің де жарақаты бар, алайда ойыншымыз қатарға 17 наурызда қосылып, қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Біздің дәрігерлер оны толық тексереді. Қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады.

Жиынғы келген жігіттердің ынтасы зор, сол себепті олар алдағы ойындарға қатыса алмайтын командаластарын алмастыра алады. Футболшылар жаңа талаптарды жасыл алаңда орындауға дайын», - деді Алиев.

Айта кетейік, Алиевтің құрама тізгініндегі дебюті 22 наурызда Уэльс – Қазақстан матчында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам