«Манчестер Сити» басшылары Гвардиоланы қызметінен қуу туралы шешімге келді

17.03.2025, 09:28

Оның орнына басқа испандықтың кандидатурасы қарастырылуда

«Манчестер Сити» басшылары Гвардиоланы қызметінен қуу туралы шешімге келді
Getty Images

«Манчестер Сити» футбол клубының иелері испан бапкері Хочеп Гвардиоланы отставкаға жіберу туралы шешімге келді деп жазды E-noticies басылымы.

Клуб қожайындары команданың соңғы нәтижелеріне мүлдем көңілі толмаған. Сондықтан, олар Гвардиоланың орнына жаңа бас бапкер тауып қойған көрінеді. Ол – «Барселона» аңызына айналған Сеск Фабрегас.

Фабрегас қазіргі таңда италиялық «Комо» клубын жаттықтырып жүр. Ал, жазда «Манчестер Сити» оған өте тиімді ұсыныс жасайды деп күтілуде.

Айта кетейік, ағылшын клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінен «ұшып кетті». Сондай-ақ, «Мансити» қазір АПЛ-де де жарытып ойнай алмай жүр. Клуб қазір турнирлік кестенің небәрі 5-ші сатысында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам