«Армандар орындалады»: Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадағы дебютінен кейін мәлімдеме жасады

24.03.2025, 00:08

Екі жылдан кейін ол мансабын Ұлыбританияда жалғастырады

«Армандар орындалады»: Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадағы дебютінен кейін мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясы

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының 16 жастағы жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев Уэльстен жеңілгеннен кейін мәдімдеме жасады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльспен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Аталған матчта Дастан Сәтпаев 75-минутта алаңға шығып, ұлттық құрамадағы дебютін жасады.

«Армандар орындалады. Халықаралық дебют. Аллаға шүкір», - деп жазды Дастан өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толысымен Лондонның «Челсиіне» ауысады деп күтілуде. Англиялық клуб алматылық футболшымен келісімшарт жасасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам