«Нәтиже жоқ». Мәжіліс депутаты Қазақстан құрамасының ойынына қатысты пікір білдірді

24.03.2025, 00:05

Ол Лихтенштейнмен ойынның қаншалықты маңызды екенін айтты

«Нәтиже жоқ». Мәжіліс депутаты Қазақстан құрамасының ойынына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желі

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы ойынына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы meta-ratings.kz жазды.

«Прогресс бар. Бірақ нәтиже жоқ. Лихтенштейнмен өтетін матч психологиялық тұрғыдан өте маңызды болмақ. Егер біз «карликтен» (әлсіз құрамаға) жеңілсек, бұл Қазақстан құрамасына психологиялық тұрғыдан ауыр соғады. Жеңіске жетсек, бұл аш құрамаға жігер береді», – деді Нұртаза.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Уэльстен 1:3 есебімен жеңілді. Енді Әли Әлиев шәкірттері 25 наурыздан 26-сына қараған түні Лихтенштейнмен ойнайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам