17 жастағы қазақстандық құрама сапында хет-трик авторы атанды

25.03.2025, 15:38

Жасөспірімдер құрамасы Грузиядан басым түсті

17 жастағы қазақстандық құрама сапында хет-трик авторы атанды
instagram.com/kff_jastar

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (17 жасқа дейін) Еуро-2025 екінші іріктеу раундында топта жеңіске жетті. 19 наурызда құрамамыз Грузиядан 3:0 есебімен басым түссе, бүгін Литваға бес гол соқты - 5:2. 

Исмаил Бекболат хет-трик авторы атанса, Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар да мергендік танытты. Үш ойыншы да былтырғы маусымда «Қайрат» сапында өнер көрсеткен.

Қазақстан - Литва - 5:2
21-минут - Абылай Төлеухан (1:0) 
26-минут - Симас Грабаускас (1:1)
58-минут - Исмаил Бекболат (2:1) 
63-минут - Адомас Буйкус, пенальти (2:2)
75-минут - Юлиус Пнлачюнас
75-минут - Дәулет Орынбасар, пенальти (3:2) 
80-минут - Исмаил Бекболат (4:2) 
89-минут - Исмаил Бекболат (5:2) 

Грузиямен өткен матчта Орынбасар дубльмен көзге түссе, үшінші голды Бекболат соққан. Топ жеңімпазы ретінде Қазақстан Еуро-2026/27-ге іріктеуде А лигасында ойнайды.

Еуро-2025 бірінші іріктеу раундында құрамамыз Бельгия (1:3), Украина (0:3) және Косовомен (4:4) ойнап, бұл кездесулерде 16 жасар Дастан Сәтпаев капитан атанды. 

УЕФА жасөспірімдер арасындағы Еуроның форматын өзгерткен. Енді А және Б лигалары болады, турнир жыл бойы жалғасып, командалар нәтижеге қарай лигаларға ауысып отырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам