ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Кевин Де Брюйне «Манчестер Ситиден» кететінін мәлімдеді

04.04.2025, 17:41

Ол «қалалықтар» сапына тура он жыл бұрын қосылған еді

Кевин Де Брюйне «Манчестер Ситиден» кететінін мәлімдеді
Molly Darlington/Reuters

Бельгиялық танымал футболшы Кевин Де Брюйне маусым аяқталған соң «Манчестер Сити» клубынан кететінін мәлімдеді. Мұндай пікірін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Кез келген оқиғаның аяғы бар. Бірақ бұл ең үздік тарау екені рас», - деп жазды футболшы.

Бұған дейін де аяқдоп шеберінің маусым соңында кететіні туралы айтылып жүрді. Себебі жазда бельгиялықтың «қалалықтармен» келісімшарты аяқталады. Осы орайда оған АҚШ, Сауд Арабиясы клубтарынан қызығушылық жоғары. 

Айта кетейік, Кевин де Брюйне «Манчестер Сити» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы аралықта ол Пеп Гвардиола командасының шабуылдағы нағыз дирижеріне айнала білді. Ол клубпен бірге АПЛ чемпиондығынан бастап Чемпиондар лигасының кубогына дейін жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам