Қос дубль: Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияны жеңді

08.04.2025, 20:47

Қос құрама барлығы өзара тоғыз рет кездескен

Қос дубль: Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияны жеңді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымында «С» лигасының 3-тобында Арменияны жеңді.

«Астана Аренада» өткен матч 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Құрама сапынан Әмина Бибосынова (48-ші және 55-минуттар) дубль авторы атанса, тағы бір голды Әйгерім Айтымова (71-минут) соқты. Армения сапында Нарине Давтян дубль жасады (63-ші және 66-минуттар). 

Жалпы, Армения әйелдер құрамасымен Қазақстан 9 мәрте кездесті. Оның алтауы – ресми іріктеу кезеңіндегі ойындар, 2 матч – жолдастық кездесулер, тағы біреуі – UEFA FWT турнирі аясында өткен.

Екі құрама алғаш рет 2009 жылдың мамыр айында жолығып, Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сол ойындағы голдарды Қырғызбаева мен Кәрібаева соқты.

2021 жылы маусымда Қазақстан құрамасы Арменияда екі жолдастық матч өткізді. Алғашқы ойында қарсылас 2:1 есебімен басым түссе, екінші кездесуде біздің қыздар 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

2023 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан Арменияны екі матчта да тізе бүктірді. Сырт алаңда – 2:1, Астанада – 4:1 есебі тіркелді.

2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде де қос құрама бір топқа түсті. Бұл жолы Қазақстан мен Армения бір-бірін бір мәртеден ұтып, тең түсті.

Ал биылғы Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуде Қазақстан сырт алаңда Арменияға 0:2 есебімен жол берді.

Осылайша, жалпы 9 кездесудің алтауында Қазақстан жеңіске жетсе, Армения 2 рет басым түсті. Бір матч тең нәтижемен аяқталған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам