
Ал бас бапкерге одан қымбатырақ көлік берілді
Сауд Арабиясында өткен футболдан Азия кубогінде жеңіске жеткен Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы еліне оралды. Футболшыларды Ташкент қаласындағы Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайында жақындары мен жанкүйерлері және елдің жоғары лауазымды тұлғалары күтіп алды.
Салтанатты кеште Өзбекстан Президентінің құттықтау хаты оқылып, турнир жеңімпаздарын марапаттау туралы Президенттің Жарлығы жария етілді.
Құраманың тарихи жеңісін жоғары бағалаған Шавкат Мирзиеев әр футболшыға Chevrolet Cobalt автокөлігін сыйға берді. Ал бас бапкерге Chevrolet Equinox маркалы автокөліктің кілтін тарту етті.
Еске салайық, күні кеше Өзбекстанның U-17 санатындағы құрамасы Азия кубогінің жеңімпазы атанды. Финалдық матчта өзбектер Сауд Арабиясымен кездескен болатын. Ойын басында екі бірдей ойыншысынң алаңнан қуылғанына қарамастан олар 2:0 есебімен жеңіскен жетті.