
Екеуі де Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары
Футболдан Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев шетелде ойнайтын отандық ойыншыларды қалай тәртіпке шақырып, қалай мотивация беретінін алға айтып берді.
«Шетелде жүрген құрама ойыншылары ұлттық құраманың алдындағы жауапкершілікті түсінуі керек. Құрама саған керек, керісінше емес. Себебі сен өзіңді құрама сапында керемет көрсетсең, онда мүлде басқа деңгейдегі клубпен келісімшартқа отыруың мүмкін. Біз саған тәуелді емеспіз — сен бізге тәуелдісің. Мұны мен Нұралы Әліпке де, Максим Самородовқа да айттым», — деді Әлиев YouTube-тағы «Sport Pulse» арнасында.
Еске салайық, «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп пен «Ахмат»шабуылшысы Максим Самородов — Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары.
Ал, Әли Әлиев болса Қазақстан құрамасының тізгінін биыл қаңтар айында ұстады. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнына келген.