Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Роналдудың ұлы Португалия жасөспірімдер құрамасына шақыртылды

06.05.2025, 22:52

14 жастағы футболшы «Әл-Наср» клубының жасөспірімдер командасында ойнайды

Роналдудың ұлы Португалия жасөспірімдер құрамасына шақыртылды
Getty Images

Атақты шабуылшы Криштиану Роналдудың ұлы Португалияның жасөспірімдер құрамасына қосылды.

14 жастағы футболшы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жасөспірімдер командасында ойнайды. Оның әкесі де дәл осы клубтың намысын қорғайды.

Криштиану душ Сантуш, яғни кіші Криштиану Роналду Влатко Маркович атындағы турнирге қатысатын Португалияның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының тізіміне енді.

Португалия футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнир 13-18 мамыр аралығында Хорватияда өтеді.

Бұл жарыста Португалия құрамасы Жапония, Грекия және Англия жасөспірімдеріне қарсы төрт матч өткізеді.

Жас футболшының әкесі ұлымен мақтанатынын алға тартты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам