
Биылғы маусымда Ямаль 15 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген
Каталонияның «Барселона» клубының вингері Ламин Ямаль әлемдегі ең үздік футболшыларды атады. 17 жастағы ойыншы ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле мен лондондық «Арсенал» клубының вингері Букайо Саканың ойынын ерекше атап өтті.
«Егер «Барселона» ойыншыларын есепке алмасақ, менің ойымша, қазір Усман Дембеле мен Букайо Сака өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр», – деп келтіреді Ямальдың сөзін Goal порталы.
Биылғы маусымда Ямаль барлық турнирде 51 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтағы құны – 180 миллион еуро.