Эрлинг Холанд биыл «Манчестер Ситиден» кетеді – журналист

10.01.2024, 12:22

Ол АПЛ-да небәрі екі маусым ойнаған

Эрлинг Холанд биыл «Манчестер Ситиден» кетеді – журналист
Чемпионат.ру

Норвег футболшысы Эрлинг Холанд АПЛ маусымы аяқталған соң «Манчестер Сити» клубынан кететін болып шешті. Мұндай ақпаратты журналист Франсуа Галлардо таратып отыр.

Оның сөзінше, 23 жастағы сұрмерген «Барселона» сапына ауысуды көздеп отырған көрінеді. Екі тарап арасындағы келіссздер бұған дейін жүргізіліп, келісімге келіп те қойған көрінеді. Испан клубы даңқты футболшы үшін «Манчестер Ситиге» 100 миллион еуро төлемек.

Алайда, Purple Panel басылымы Холандтың жақын уақытта Англиядан кетпейтінін мәлімдеді. «Манчестер Сити» норвег футболшысын алып қалу үшін барып салуда деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, Эрлинг Холанд «Боруссиядан» «Манситиге» 2022 жылдың жазында ауысты. Ол ағылшын клубымен бірге бір маусымда Англия чемпионаты мен кубогін және Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?