Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Легионер санына шектеу қойылмайды: ҚФФ президенті пікір білдірді (ВИДЕО)

10.01.2024, 14:40

Бұрын алаңға 7 легионерден артық шығармайтын

Легионер санына шектеу қойылмайды: ҚФФ президенті пікір білдірді (ВИДЕО)
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов үндеу жариялап, легионерлерге қатысты қабылданған шешім туралы мәлімдеді. Ол алда чемпионат аясында клубтардың алаңға шығатын леионер ойыншыларына неліктен шектеу қойылмайтынын түсіндірді.

«Соңғы 10-15 жылда легионерлердің үлесіне қатысты түрлі эксперименттер жүргізілді. Алайда, бұл шешімдер ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бермегенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан біз соңғы 2 жылда сараптама жүргізіп, келесі ережені қабылдауға бел будық. Егер бұрын алаңға шыққан кезде легионер саны 7 болса, енді олардың санын шектеуді алып тастадық. Бірақ өтінім берген кезде 25 футболшының 13-і Қазақстан футболының өкілі болады. Бұл ең алдымен бәсекелестікті жоғарылатады. Демек, футбол дамиды. Екіншіден, кәсіби футбол клубтарын агенттердің көлеңкелі жүйесінен қорғайды. Нарықтың еңбекақы жүйесін құрып, жалақыны жасанды көбейтуді тоқтатамыз. Үшіншіден, бұқараның футболға деген қызығушылығын арттырады. Стадиондардың толуына алып келеді. Демек, заманауи жаңа стадиондардың құрылысына қажеттілікті тудырады. Осылайша чемпионатқа деген халықтың қызығушылығы арқылы біз инвесторлардың қызығушылығын тудырамыз», - деді Ә.Бәрменқұлов.

Сондай-ақ, ол футбол клубтарын мемлекеттік қаржыландырудан арылтып, жеке инвестор тарту бағытында жемісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

«Біз мемлекеттік қаржыландырудан жеке кәсіпкерлердің инвестицияларына көше аламыз. Яғни, біз қазір футболдың бизнес индустриясын құрып жатырмыз. Жұмыстың осындай шартымен әр клуб өз құрамын сауатты құратын болады. Көбінің өз футболшыларын тәрбиелеуге талпынысы оянады деп сенеміз. Ережедегі бұл өзгерістер клубтардың балалар футболына қаржы құюына бағытталған. Олар өз ойыншыларын тәрбиелеп, трансфер арқылы қаржы таба алады. 

Ал енді Ұлттық құрама туралы айтсақ, осы жұмыстарды атқарсақ құрама ойындарының деңгейі артады және де құрам барынша Қазақстан азаматтарынан құрылады. Бұл федерацияның негізгі ұстанымы», - деді федерация президенті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам